Қытай Жаңа жылын көптеген әлем халқы тойлайды және ол “көктем мерекесі” деп те аталады. Аспан асты елі бұл мезгілде табиғат оянады деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Биыл әлем Жаңа жылды шығыс күнтізбесі бойынша 10 ақпанда тойлайды және мереке екі аптаға созылады. Қытай халқы қоян жылымен қоштасып, сәттіліктің, билік және табыстың белгісі айдаһар жылын қарсы алады.

Қытайдағы мерекенің бірінші күні қысқы күн тоқырауынан кейінгі екінші жаңа айға (яғни 21 желтоқсаннан кейін) келеді. Мереке 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығындағы күндердің біріне сәйкес келеді.

Қытайлықтар Жаңа жылды отшашумен бастайды. Осылайша олар зұлым рухтарды қуып, әр отбасыға тыныштық пен бақыт шақырамыз деп сенеді. Сондай-ақ Қытай және басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халқы адамдарды жамандықтан қорғап, жақсылықты тарту үшін хош иісті заттарды жағады екен.

Жаңа жылдың алғашқы күні қытайлықтар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Сонымен қатар олар жақындарына қызыл конвертпен ақша сыйлауды да дәстүрге айналдырған. 

Бұған дейін Қытайда коронавирусқа байланысты шектеулер көп еді. Аспан асты халқы бірнеше жылдан бері  алғаш рет Жаңа жылды ешқандай шектеусіз, емін-еркін тойлауда. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.