Әлеуметтік желіде Алматыдағы шекара бөлімінің подполковнигінің педофил болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Деректерге сай, ол интимдік қатынас үшін 14 жасар баламен кездескісі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото iStock

Egov press Telegram арнасы полковниктің әрекеті туралы жазды.

“2024 жылғы 2 наурызда Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ-не №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Н. К.педофилияға күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол мас күйінде 14 жасар баламен интимдік қатынас үшін кездесуге келген. Алайда, жәбірленуші оны өздері ұстап, жазалағысы келетіндерін айтады. Подполковник болса, баламен жай өмірлік әңгімелер айтып уақыт өткізгісі келгенін айтады”, – деп жазды басылым.

  • Енді Қазақстанда ұрып-соғушылар 50 тәулікке дейін қамауға алынады

  • Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады: Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Алматы полиция департаменті тексеруді бастағанын хабарлады. Тексеруді ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы жүргізеді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.